Өлең, жыр, ақындар

Сәлемдеме

Менен сәлем айтқайсың сұрағанға,
Сұрағайсың, үй іші дін аман ба.
Өмір кешіп жатыр де ол да өзінше,
Тірлік керек, әрине, тірі адамға.

Дегейсің болмашыға қамығып жүр,
Болмаса, барлығы да табылып жүр.
Құлын-тайдай тең өскен құрбыларын
Дегейсің сағынып жүр, сағынып жүр.

Айтқайсың жағдайымды өзің көрген.
Аман де әзірге тек көз ілгеннен.
Күйзеліп күндіз-түні тыным алмай,
Күресіп жатыр дегін сезімдермен.

Сыртын беріп достары кеткеніне
Өкінбейді дегейсің, өткеніне.
Табыс етіп бар сырын жіберді де
Көзден ұшқан көңілдің кептеріне.

Армандайды дегейсің, қиялдайды,
Қайда барса, бір басы сия алмайды.
Сендер оны ұмытып кетсеңдер де,
Дегейсің сендерді ол қия алмайды.

***

Алдыңда құлдық ұрып, ақталмаймын,
Астында аяғыңның тапталмаймын.
Біраз күн сені есімнен шығарды, рас,
Жаныма батқан дертім, батқан қайғым.

Не күйде жүргенімді көресің бе?
Мен сөніп баратырмын, сенесің бе?
Қан майданнан оралған жауынгермін,
Жарадан сау-тамтық жоқ денесінде.

Басымды бұлт алған бүгінде, сен.
Жүрекке ине қадап, бүлінбе сен!
Әлсіреп, әзер жанған шырақпын мен,
Сөнемін де қаламын бір үрлесең...

***

Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектінің:
Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
Не деген керемет күн!

Естіледі бал ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қогндырып ап,
Дала бір рақатта,
Дел-сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап Күннің алтын табағынан

Сусындап көк аспанның шанағынан,
Шарықтап шыңырауда ана-қыран;
Ару-Жер өз дидарын қарап жатыр
Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.

Не деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби-дүние,
Келеді өміріңді бере кеткің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүр, қалқам

  • 1
  • 5

Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр.
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.

Толық

Сезім

  • 1
  • 11

Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.

Толық

Арман қуып...

  • 1
  • 8

Айтпашы,айтпасаң да білем, білем,
Білемін де күлемін, ренжімен.
Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық,
Жыланды ажыратам жылы өңдіден.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар