Өлең, жыр, ақындар

Анашым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың...


Пікірлер (5)

Назарбай

Мұқағали Мақатаевтың Анашым өлеңі ұнады

Алуа

Өте күшті айтылған.Аналарымыз аман болсын

Көркем

Өте керемет өлең аналарымыз,Отанымыз аман болсын

Өте керемет айтылған аналарымыз аман болсын

Отанымыз аман болсын

Есентай

Бұл өлең жүректі тербейтін, ең әдемі сезімдерге толы туынды. Мұқағали Мақатаевтың сөзі арқылы біз тек анаға деген махаббатты ғана емес, сонымен бірге адамгершілік пен туған елге деген құрметті де сеземіз. Әр жолы жүрекке жылы тиеді, әр сөзі — шынайы тебіреніс. Осындай жүректі тербейтін шығармаларды көптеп оқып, бөлісу — қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға үлес қосады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анашым өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Анашым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анашым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анашым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар