Көбік шашқан шампандар жүз атылып

Бұл бетте «Көбік шашқан шампандар жүз атылып» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1317
Көбік шашқан шампандар жүз атылып,
абыр-сабыр боп жатыр пейіштегі Ел.
Қара Жерге барады ұзатылып,
аппақ қарлар үлпілдек Періштелер!

Сұлу жорға жегілген күйме керім!
Солқылдайды аспанның суық төсі…
Долы жеңгей көңілі Жел, үйрек ерін,
ышқынады ызадан Қызыққа осы!.

Аппақ қарлар секілді аппақ Келін,
Әлем жатыр көтеріп кір етегін.
Сиқырыңды Жаныңа сақтап па едің!
Сықырынан Аяқтың дір етемін!..

Қалай сені жаратқан ақеден ғып,
Ақылдым-ау, ақша жүз, өңі мұңды.
Ақ қағазға көшірем Қара Өлең ғып,
адамдардан қап қойған көңіліңді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбік шашқан шампандар жүз атылып өлеңінің авторы кім?

Жанна Елеусіз — осы өлеңнің авторы.

Көбік шашқан шампандар жүз атылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбік шашқан шампандар жүз атылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанна Елеусіз өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбік шашқан шампандар жүз атылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері