Бұл бетте «Ұстазым» атты Абдрахман Асылбек жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов
Аялаған анашымдай мұғалімім,
Тұнып аққан мөлдір бастау бұлағыңмын.
«Бұлақ көрсең, көзін ашқын» деген халқым дана,
Ақылыңды айтқан тыңдай берем әр күн жаңа.
Қайырмасы:
Ұстазым – жыр-әнім,
Ұстазым – шырағым,
Ұстазым – бұлағым,
Ұстазым.
Бар адамға бақ сыйласа оқу бүгін,
Ұстаз – менің баға жетпес оқулығым.
Бұлақ көзі ашқан сайын жарқырайды жарқын,
Күмбірінен, нұрлы үнінен
Ән тыңдайды халқым.
Қайырмасы.
Айсұлу
керемет