Өлең, жыр, ақындар

Қазақ

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1219
...Сақалды адам санасыздау жөткірді,
тіл ұшынан сөзі үзілмей көп тұрды.
Сен, қасірет!
Тілін буған шешеннің,
қырғыш еткен алмастайын өткірді.
Жұбандырар сөз жоқ па,
әлде жан жоқ па —
ұға алмайсың, біле алмайсың болжап та.
Жігіт ұлы мерт болыпты осы үйдің —
кебінді өлік — шымылдықта, оң жақта.
Күйік қинап булығады әке өксіп;
(күйік көрмей өссек біздер — қате өстік)
қазан жақтан ана даусы шықты ащы:
"сорлы бала, сорлы бол да жат өстіп!"
Содан соң-ақ келді жұрттың сөзге әлі,
жұбау сөздер бірте-бірте қоздады.
Әр сөз бірақ саулы інген боп ыңырсып,
жетім бота болып әр сөз боздады.
Мақал мініп жатты ағылып ой легі,
сөйледі-ай кеп шешен біткен, сөйледі.
Жалтылдақ сөз мысал жегіп, мыс киді;
сонсоң... "сабыр — сап-сары алтын" ғой деді.
Өлген жұртты "дүниеден озған" ғып,
жылатуға жарап жатты сөз барлық.
(Бауыры бүтін жұрттың аузы алғыр ғой —
жүрек түгіл сүйегіңді қозғарлық).
Таңырқаман таным тұтса нені елім,
бірақ бұны таң боп айтқым келеді:
Қазалы үйдің жеті қызы бар еді,
ешкім бірақ балаң бар-ау демеді.
Тасқандық па, тасырлық па бет тілген —
ойлай-ойлай алысырақ кеттім мен.
Жаугер халқым ат мініп, ақ қылышты
кім ұстаса — соны балам деп білген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтініш

  • 0
  • 0

Көп кеңеске қатыстырма мені осы —
кітабымды бітірейін келесі.
Бір "қалқамен" үлгергем жоқ қыдырып,
бір есерге қарыз ем бір жұдырық.

Толық

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған

  • 0
  • 0

Жанып тұрып бір өлең оқыр едім мен оған
алып келіп қаладан, не суырып санадан.
Оқыр едім, әттең-ай, оқыр едім — ұқпайды,
жырды ұқпайтын кісіден махаббат та шықпайды.

Толық

Шаншу

  • 0
  • 0

Ат мініп өскен аулақта,
даланың ұлы ем деп мен де
қараймын енді тау жаққа,
жүрегім шаншып кеткенде.

Толық

Қарап көріңіз