Ескілік – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ескілік» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1373
Дүниеде "тозды" деген сөз қиын —
айтпас едім:
әттең, менің тозды үйім.
Аттап қалсаң — батқан сынды дүр салмақ,
еден-тақтай қиналады ырсаңдап.
Ей, қызыл тіл, аңдап-аңдап сөйлеші,
үй ескірсе — ескі жырдың бейнесі.
Бір ескілік сезінемін.
Өзім де
ескі кісі секілденем кейде осы:
талай сырым бітті ескіріп ішімде,
бітпей жатып ескірді көп ісім де.
Осыдан-ақ шығар:
күпі киіп мен,
түйе мініп жүрем ылғи түсімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері