Татьянаның әні

Бұл бетте «Татьянаның әні» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1324
Нұрланып махаббаттан шіркін әлем,
Ырғалды ынтызарлық ырқыменен.
Пушкинннің тарантасы барады өтіп,
Қырдағы жатақ ауыл сыртыменен.
Күймемен Татьяна әні келді,
Өмірдің мағыналы сәні келді.
Сұңғыла сұлу сырлы сезімімен
Есті қыз тәнті қылды қалың елді.
Жұлдыздар жалықпады тізілуден,
Таң атты... әуен болып сызылумен.
Дариға жүрегінің арманы көп
Ел қалды қыз сырына қызығумен.
Шабыттың шалқарына құлшынды ма,
Ару қыз үлбіреген гүл сынды ма?
Ұлы Абай қыр басында қала барды,
Соңынан тарантастың ұмсынды да.
Қолыңа ал домбыраңды, жырла, бауыр,
Жайнасын сұлу ойдың сырмағы ауыр.
Тіліне шешендіктің елтіп қалды,
Татьяна әнін тыңдап тұрған ауыл.
Осылай ән тербелді қыр басында,
Сұлудың ай ойнады сырғасында.
Еліктей ерке қызды балаң десек,
Осынша мұң бар екен бір басында.
Нұрланып махаббаттан шіркін әлем,
Ырғалды ынтызарлық ырқыменен.
Пушкиннің тарантасы барады өтіп,
Қырдағы жатақ ауыл сыртыменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Татьянаның әні өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Татьянаның әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Татьянаның әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Татьянаның әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері