Адасқандарға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2269
(Тұтқынның сөзі)

Нашарларға болысып
Күзетшілер бетін қайыру,
Тырнағынан олардың
Езілгендерді айыру —
Жолында жүрген бауырыңа
Тас аттыңдар бәрің де,
Мырзаларға қосылып,
Жастарың да, кәрің де.
Адамдықтың ұшқыны —
Сендерде егер ар болса, —
Бердім соның сотына,
Халық — тәңір бар болса!

1918 жыл, шілде, Ақмола


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адасқандарға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Адасқандарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Адасқандарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адасқандарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері