Біздің жақта
Бұл бетте «Біздің жақта» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Каздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Ай-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым-ай,
Жас ерім талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
А-ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыкқан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт аулым-ай,
Жас өрім, талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
Әй-әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық мандай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.
Жаксы екен мынасайт
калай сатылай кешенды талдауга болады
Сұрақтарыңызды мына жерге қоюға болады: qa.bilim-all.kz
Мына сайт күшті!
мына сайт керемет екен
Керемет
Өте керемет екен
Вообще жанып турган сайт
Жақсы сайт сөз жоқ)
♥♥♥♥
Маган олен унады
маган олең унады керемет сайт
жай гана керемет олен емес тамаша акыннын шыгармасы
Досымжан Таңатаров Біздің жақта сөзі гой тамаша
Маған бұл өлең ұнады
Керемет жазылған. Жақсы әсер алдым.
Күшті,рақмет сіздерге
маган улен унады тамаша
Базар жоқ сайт екен
Кушты екен керек кезде шыга салатын саит
Бауырым-ай,қанатым-ай деген эссе таба алмадым
Жақсы оте тамаша ан
Керемет екен мына сайт
Сәкен Сейфуллиннің Біздің жақта өлеңі ұнады
кушти, керемет орындау
«Біздің жақта» — қазақ поэзиясында туған жерді жырлаудың тамаша үлгісі. Сәкен Сейфуллин бұл өлеңінде шалқыған кең дала, көл‑өзендер мен меймандос елдің бейнесін шебер жеткізеді.
Өлеңде табиғаттың әсемдігі, елдің берекесі мен адамдардың батылдығы әсерлі тілмен суреттелген.
Бұл шығарма оқырманға өз елінің табиғатын, тарихи және рухани байлығын терең сезінуге мүмкіндік береді.