Құттықтамадың

Бұл бетте «Құттықтамадың» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Бақ ішін кездім,
Ауыр ойлармен сенделе...
Мұңымды шақтым,
Бұлаққа, самал желге де...
Жылына бір рет
Қуанышым боп оралар,
Туған күніммен
Құттықтамадың сен неге?
Кезімде мынау
Жанымды шаттық кернеген,
Тілеулесім боп
Алдымен жетер сен деп ем.
О, сезесің бе?
Өзіңнен басқа дәл қазір
Дос-жарандарым
Қалмады тіпті келмеген!
Сезіліп бүгін
Достарға керек екенім,
Көңіл күйім де
Ерекше керемет еді.
Құттықтамадың...
Ұмытқаның ба, шынымен,
Бүгінгі күннің
Мен үшін ерек екенін?!
Жүрегім сыздап,
Запыран ойдан у ішем,
Дертіме ешбір
Табылмай қойды дұрыс ем...
Шаттығымды менің
Жартылай еткің келмесе,
Өзгеден бұрын
Сен құттықтауға тиіс ең...
– Жүрсің ғой алыс,
Жөні де жоқ-ау өкпенің, –
Десем де,
Іштей қарсыласады өктем үн.
Ып-ыстық лебіз,
Ақ тілеу алып ұшатын
Телеграмма боп
Сен маған неге жетпедің?..
Жұлдызды шақты
Ұмытқаның ба оп-оңай?
Жанарымызда жанушы еді ғой,
От, арай.
... Жүрегі құрғыр,
Елеңдеп әлі жол жаққа
Боздайды жетім ботадай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құттықтамадың өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Құттықтамадың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құттықтамадың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құттықтамадың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері