Өлең, жыр, ақындар

Тұлпарым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 4548
(Тұтқын)

Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен
Зеңгір таумен, белменен,
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.

1918 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпарым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Тұлпарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тұлпарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері