Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? – Жанна Елеусіз

Бұл бетте «Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді?» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1441
Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді?
Алдына оның барасың жылап қалып.
Тағдырыңнан теперіш көргеніңді,
болмағанын тірлігің тұрақталып.

Тағы айтасың жаныңда бір Мұң барын,
сыздайтынын кеудеңді жарып оның!
Түз-өмірдің тағылау тұрғындары,
тап осылай іздейді бәрі жоғын.

Жөргемінде алысқан, жарысқанның,
мен қиналсам жұтатын Дем ең соңғы –
еліктейін осылып арыстанның,
азуында бара ма Өлең сорлы!

Болсын дей ме, лайым, тоқ бөрісін –
ағызғанда қанынан ғазал-бұлақ,
көкпар қылып тартқанға көк терісін,
ақ көңілі аспаннан қарар жылап…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? өлеңінің авторы кім?

Жанна Елеусіз — осы өлеңнің авторы.

Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанна Елеусіз өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері