Өлең, жыр, ақындар

Бөз орамал

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 9070
— Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих,
Живописьті көзбен емес, көңілмен де танық.
Живопись — ол айғайлаған өлеңі емес ақынның,
Сыры ішінде, тілі ішінде өрнегі той ақылдың!
Мені біл деп, мені көр деп, даңғойланып жатпайды,
Көрген сайын құпиясын тереңірек сақтайды...
Әлде әзілі, әлде шыны суретші дос мақтанды,
Сандығын ол ашты дағы, қолтумасын ақтарды.
Ақындықты кемсінді ме, қалдық біздер өкпелеп,
Айтысуға даяр тұрмыз суретшімен жекпе-жек.
Айтыстық та.
Жазғандарын көбінесе сынадық,
Сегіз ақын бірік тікте, бір суретші құрадық!
— Күн батқанда су бетінде бозғыл бояу болмайды,
— Десе бірі, сегіз ақын бірін бірі қолдайды.
Күн қызарып шығуы анық, таң қызарып атпайды,
Сегіз ақын жамырасып, бірін бірі жақтайды.
Ал суретші үндемейді, тек жымиып қояды.
Көрсетті бір картинаны көзге ұрған бояуы.
Картинаға қарай қалдық, жерден алтын тапқандай,
Суретшіміз тұнжырап тұр әуелгідей мақтанбай.
Картинада қанды соғыс қанға бояп жатқандай,
Қан майданның ортасында қазақ жатыр ақ маңдай.
Тұрғызбастай тұмшалапты ажал дейтін зіл салмақ,
Өлі баурын ұзатып сап, тас түйіліп тұр солдат.
Фашистердің белгісі бар, андыздаған танктер,
Кімдер жеңді, кім жеңілді, ал енді аңғар, танып көр.
Адамзаттың ғұмырларын ойрандауға қол қойған,
Қиян-кескі қатал соғыс, қиян-кескі қан майдан.
Картинада өмір, өлім, қауіп-қатер, оқ ұшқын,
Құдіретті емес, жауыздығын айыптап тұр соғыстың.
Картинадан көзге қораш еш кемшілік таппадық,
Сегізіміз сегіз түрлі пікір айтып мақтадық.
Автор дейтін риза-қош болушы еді ондайда,
Керісінше суретшіміз бір тұңғиық шомды ойға:
— Мақұл дейін, бұл еңбекті бәрін даты қостадың,
Бірақ мұның кемшілігін көрмедіңдер, достарым.
Білдіңдер ме мына жатқан өлі солдат сезімін,
Білдіңдер ме мына тұрған тірі жанның өзі кім?
Өлі солдат, жау танкісі, қанды майдан айналаң,
Бірақ мұнда сезім қайда көңіліңмен ойнаған?
Бұл арада қолдана алмай ең негізгі детальды,
Қолдан келген бояуларды баттай бергем беталды.
Өлі достың өз сезімін тірілтсем бе деп едім,
Амал қанша, әзірге тек әуре болып келемін...
Картинаға тағы теңдік, тағы қайта қарастық,
Сегізіміз сегіз түрлі жорамалдап таластық.
Картинаны көкке ұшырдық, картинаны құптадық,
Әйтсе дағы суретшінің көңілінен шықпадық.
Көңілінен шыға алмадық, өрісіміз тар екен,
Бұл суреттің біз білмейтін өз тарихы бар екен.
Өз еңбегін суретшіміз өз ойымен өлшепті,
Әйнектеулі рамадан боз орамал көрсетті!
Алақандай без орамал, бетінде тұр қан дағы,
Қандай жанның құпиясы, қандай жанның арманы?
Жібек жіппен бұрышына жазылыпты екі есім,
Аңтарылдық көрдік тағы құпияның көкесін.
— Тұла бойың құпия екен, құтылып көр, тайқып көр,
Құтқармаймыз, онан да өзің жәйлап бізге айтып бер.
Кім біліпті, өзін жүрген құпия жан екенсің,
Неге мұнда қанның дағы, неге мұнда екі есім?
— Ол екеуміз бір ауылда бірге тұрдық, бір өстік,
Майданға да бірге аттандық, жаумен бірге күрестік.
Қауібі мен қатері мол қанды майдан жорықта,
Туған жерден хат алудан артық бақыт болып па?
Соғыс, соғыс! Тұншықтырып түтеп тұрған қаталдық,
Сол күндердің бірінде біз туған жерден хат алдық.
Сын сағаттың кезеңінде өмір, өлім арбасқан,
Екеумізге бір хат келді ауылдағы Қарғаштан.
(Көршіміздің Қарғаш дейтін жалғыз қызы бар еді,
Біз майданға аттанғанда ол бір сәби бала еді).
Біз кеткенде ол оқитынды сегізінші класта,
Хат жолдаған сол Қарғаш па, сол Қарғаш па, рас па?!
Конвертке жазылыпты екеуміздің атымыз,
Қарғаш қыздың хатын алып, қуанысып жатырмыз.
Ел-жұртының амандығын
Қарғаш хатқа салмапты,
Алақандай без орамал екеумізге арнапты.
Қыз жолдаған орамалда жазулы тұр екі есім,
Сұм қыздың бұл не істегені, бұл не деген кекесін?!
Қарғаш қыздың қылығына қарай-қарай өкіне,
Алақандай орамалды бөлмек болдық екіге.
Қыз жүрегін олжалауға қақымыз жоқ, бөлмедік,
Нелер сезім сыбырлайды, сыбырлайды, көнбедік.
Екі бойдақ - екі солдат қыз жіберген сыйды алдық,
Қыз жүрегін түсіне алмай, әрі-сәрі қиналдық.
Қиналдық та, тос қалтада кезек сақтауды ұйғардық.
Біз ант еттік қорғау үшін аманатын Қарғаштың,
Без орамал кезек-кезек қалтамызда алмасты.
Без орамал қалтамызда арымыздай сақталды,
Жау шегініп, жойқын жорық бітуге де шақ қалды.
Жүрдік солай, жүрдік солай, арада үш-төрт жыл өткен,
Без орамал қалтамызда бірге соқты жүрекпен.
Без орамал құпиясын түсінбедік, түсіндік,
Анығы сол — ішімізден Қарғашты еске түсірдік.
Қыз Қарғашты екеуміз де жанымызға баладық,
Екеуміз де бір үмітке сарғая кеп қарадық.
Сол үмітке жетуге біз тағат таппай асықтық.
Бақыт па екен, достық па екен әлде, мүмкін, ғашықтық.
Қанды майдан екшеп жатыр өмір менен өлімді,
Қалың өртте Қарғаш бізге үміт болып көрінді.
Сол үмітке, сол Қарғашқа жетуге біз асықтық,
Әлде қызға, әлде өмірге, әйтеуір, бір ғашықтық.
Қалың өрттің ортасында гүл өскенін көріп пе ең,
Махаббаттың жауыздықпен күрескенін көріп пе ен?
Екеуара бір махаббат, махаббатты қорғадық.
Махаббатты қызғанамыз, қызғанамыз ол да анық!
Екі солдат міне осылай айлар, жылдар өткізді.
Досым бір күн жай түскендей суық хабар жеткізді:
"Білесің той, жастайымнан зат сақтауға олақпын,
Кешір мені, қара басты, орамалды жоғалттым..."
Жан досыма бір жауыздық жасамақ боп оқталдым,
Достық, достық! Қол байланды, мысым құрып тоқталдым.
Күндер өтті.
Досым менің сүле-сопа күйге енді,
Жапа-жалғыз отырып ап тұнжырауды үйренді.
Әдеттегі әзілі жоқ, әні де жоқ, күлмейді,
Түтінденген темекіден басқа ешнәрсе білмейді.
Бір жүректе екі күйік маған жеңіл тимеді,
Сағыныштай сарыуайым мені дағы биледі.
Қатері көп қан майданның өтіп жатты ай, күні,
Амал нешік, кездестірдім дүзі қара қайғыны.
Жан ұшырған бір шайқаста досым менің оққа ұшты,
Өрт ішінде жалғыз гүлді жалаңдаған от құшты!
Жауыз соғыс жайратыпты бұл өмірдің пендесін,
Жаралы дос әлсіз қолмен сипалайды кеудесін.
Сезіп тұрмын, тіл күрмеулі, тығындапты көмейді!
Жанарымен жалынданған, о, дариға, не дейді?
Кіресілі-шығасылы қақтығысында есінің,
Жанарымен аймалайды сұрағандай кешірім.
Әлсіз қолмен әзер-әзер төс қалтасын ағытты,
Қанға тиген орамалды уысына алыпты.
Жан тапсырды орамалды уыстаған қалпымен,
О, махаббат! О, махаббат!
Неғылған сен алтын ең?!
Сен тірліктің сәні ме едің, сен өмірге қорек пе ең?
О, махаббат!
Тіріге де, өлгенге де керек пе ең?!
Без орамал, боз орамал...
Жүрегі ме Қарғаштың?!
Бір өлі жан, бір тірі жан екеуміз де жармастық.
Өлі уыс та берер емес, не істемекпін... ділгірдім...
Өлі достан махаббатымды алып қалдым, үлгірдім.
Өлі достың шарт сынып бір шатынаған жанары,
Жеп жібере жаздайтындай оқ боп атып барады.
Жеп жібере жаздайтындай, жұдырығын тас түйіп,
Қан майданның қақ төрінде жаны досым қасқиып.
Солай болды... Бөрі ақиқат...
Әлде есімнен алжастым...
Мынау жатқан боз орамал — орамалы Қарғаштың...
— Әңгімеңді әрі қарай, әрі қарай жалғастыр,
Сонан кейін қандай жағдай?
Тағдырын айт Қарғаштың.
— Әрі қарай не болады, оралдым мен майданнан,
Алда — үміт, артта — қайғы, сан сапалақ ойда — арман.
Болған жәйтті әңгіме етсем, кездестіріп Қарғашты,
Сайтан алғыр қу қыздың ол сезімі екен алғашқы.
— Кешіріңіз, аға, — дейді, — кешіріңіз, жақсы аға,
Ондай ойым болған жоқ-ты, берілгемін басқаға.
Әрі қарай не болушы еді, несіне енді сөз етем,
Қарғаштардың махаббатпен ойнап жүрген кезі екен.
Біз солардың махаббатын, сезімдерін қорғаппыз,
Біздер әсте махаббатқа берік қорған болмақпыз!



Пікірлер (1)

айару

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Тay бір аңыз

  • 1
  • 4

Тay бір аңыз,
Тау - дастан.
Таусылмаған әу бастан.
Тоқтап қалған керуен,

Толық

Қыс келген күні

  • 1
  • 3

Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,

Толық

Ілініп түн тұр тауларға

  • 1
  • 4

Ілініп түн тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба?!
Алыстан оттар жанады
Жай таппай мына жалғанда,

Толық

Қарап көріңіз