Әке сағынышы

Бұл бетте «Әке сағынышы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жүрегімді жарып шыққан бір гүлім,
Көз алдымда бейнең тағы тұр бүгін.
Махаббаттың жолы ма, әлде соры ма?
Туған жерден кетті үзіліп кіндігің.
Көз алдымнан кетер деп пе ем мен сені,
Ауыр ойлар жаныштады-ау еңсені.
Жанышталды сағыныштан жүрегім,
Сағынтпай ма туған жер мен ел сені.
Қалды артта бауыр, туыс қия алмай,
Анаң отыр өксіп жасын тыя алмай.
Өң мен түстің ортасында мен жүрмін,
Әлі күнге ақыл есті жия алмай.
«Бала шіркін бауыр етің» дегенге,
Сенбеуші едім, енді менде сенем де.
Сен кеткелі көкте күнім тұнжырап,
Қара бұлт айналып жүр төбемде.
Өткен күнді, кеткен күнді санаймын,
Кавказ тауы қай тұста деп қараймын.
Қиял жеткен кеңістікке көз жетпей,
Көк теңіз боп кетер бәрі маңайдың.
Иығыңнан төгіліп қос бұрымын,
Қайда кеттің, қайда жүрсің, құлыным?
Көтере алмай сенің қайғы жүгіңді,
Үзілгендей сезінемін жұлыным.
Көңілімізден тарқамады бір күдік,
Оған талай тұншықсақ та сүңгідік.
Кешір, қызым, туған мына еліңнен,
Саған қалай табылмады бір жігіт.
Енді барып қолыңнан дәм татам ба?
Қайдам, қайдам, ойлай берем жатам да.
Құлыным-ау, бізден мәңгі кетіп пе ең,
Сағынтасың, сарғайтасың қашанға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке сағынышы өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Әке сағынышы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке сағынышы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке сағынышы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері