Қартаймас көңіл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қартаймас көңіл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2026
Екеуміздің арамызда асу бар,
Сен – қызыл гүл,
Менің аздап шашым – қар.
Көрсетпеші маған жиі, қарағым,
Жайдың отын жанарыңда жасырған.
(Ж.БОРАНБАЕВ. Гүлдесте. 13-бет)
Сен райхан жаңа ғана ашылған,
Айналаға жұпар исі шашылған.
Қызыл, ала көбелектер күн-түні
Айналақтап кетер емес қасыңнан.
Менің ептеп келіп қалған жасым бар,
Жасқа лайық бурыл тартқан шашым бар
Қарындасым, одан бірақ қорықпа,
Ақыл толы баға жетпес басым бар.
Қарындасым, қиылған бір қасың бар,
Жырларымда жалын атқан жасын бар.
Көңіл шіркін қартаймайды қашан да,
Тұрғанымен арамызда асулар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері