Сенің атың — сағыныш

Бұл бетте «Сенің атың — сағыныш» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2142
Іздеген кім,
ол күндердің дерегін.
Естілмейді ерке күлкім,
ерек үн.
Ең аяулы мезеттердің жоғалған,
Екеуміз де сұрамадық себебін.
Екеуміз де үнсіздікке байландық,
Бір үміттің талғажау ғып қорегін.

Тәрк еттік те,
Ғажайыптың барлығын,
Сен де,
Мен де құлатпадық ар жүгін.
Жанарымнан төгілсе де бар мұңым,
Жүрек дейтін жалғызыма сыбырлап,
Жаратқанның құлай сүйдім жарлығын.

Сен бе,мен бе,
жете алмаған байыпқа?
Тағдырымды шын ұнаттым,айып па?
Жазмышымдай менің жұмбақ шешімім,
Қиянаттай сенің қатал кесімің,
Тіл қата алмай,
Қол бұлғадым ғайыпқа.
Бұл күндері
Сенің атың сағыныш,
Тербетілген «ғұмыр» атты қайықта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің атың — сағыныш өлеңінің авторы кім?

Толқын Қабылша — осы өлеңнің авторы.

Сенің атың — сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің атың — сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Толқын Қабылша өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің атың — сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері