Алыстарға апар мені, ақ үміт – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Алыстарға апар мені, ақ үміт» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 929
Алыстарға апар мені, ақ үміт,
Сыңар бұлттың қанатына таңылып.
Шашын жайып қара түндер келгенде,
Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып.
Кірпігімді қағып қалсам, таң саулар,
Әрбір таңның жүрегінде шаршау хал.
Шарасыздық теңіз болып теңселіп,
Дөңбекшіген толқындарда аңсау бар.
Теңіз едім, қайтсам ба екен кері мен,
Не болды енді, шалқуға да ерінем.
Толқындарым бу боп ұшып барады
Тұман басқан топастықтың жерінен.
Толқындарым бу боп ұшып барады,
Қан-қан болған ағыстары жаралы.
Тереңіме үңілмей-ақ қой менің,
Дүмпулері жүрегіңді жарады.
Тереңіме үңілмей-ақ қой менің,
Шымырлаған үнсіздік боп сөйледім.
Қызғаныштар от тұтатты қып-қызыл,
Үстімдегі жанып жатыр көйлегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері