Бөкен би – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Бөкен би» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2054
Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан.
Сырымдай асыл сұңқарды,
Ақ бата беріп самғатқан.
Дария теңіз кеудесі,
Ақылдың дана киесі.
Заманында өзінің,
Болмаған әсте теңдесі.
Әділдікті ту қылған,
Қара жердің кемесі.
Аты айналған аңызға,
Билердің биік төбесі.
Әр сөзі тең алтынға,
Жақын болып халқына.
Ала біліп алғысын,
Адал іс қалған артында.
Ақылды ұстап дау жеңген,
Ерлікті ұстап жау жеңген.
Өнеге болған талайға,
Есентемір Көнесі.
Қара қылды қақ жарған,
Туралықтың иесі,
Бүгілместен тізесі,
Ғибрат айтқан халыққа
Кіші жүздің Төлесі!
Берілмеген мақтанға,
Қызықпаған тақтарға.
Ел бірлігі шайқалса,
Өгізге мінген ақ таңда.
Ақиқаттан дем салған
Асулардан аса алған.
Даналыққа жол беріп,
Ақылмен елді басқарған.
Ойлаған қамын халықтың,
Далама біткен жарық күн.
Үн тастаған ұрпаққа,
Төсінен теуіп қауіптің.
О, Жан баба ! Құт өрген,
Сен біргесің жұртыңмен.
Өзіңді іздеп толғанған,
Демеші мені Рухыңмен!
Ізіңнен тұрмын көз алмай,
Алысқа шабар құландай.
Ақ бата беріп өзіңе,
Елім-ай жырын шырқаған,
Қожаберген жыраудай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөкен би өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Бөкен би өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөкен би өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөкен би өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері