Өлең, жыр, ақындар

Әйтеке би

  • 07.06.2019
  • 0
  • 1
  • 4950
О, жан бабам! Туған елдің данасы,
Алты аталы Әлімнің,
баға жетпес бағасы,
Әділдіктен айнымай,
аузына харам салмаған,
Сейтқұлымдай әулие киелімнің дарасы.
Самархандты күмбірлеткен күмбездеп,
Жалаңтөстей ер тұлғаның жалғасы,
Ақша бидің әлдилеген баласы,
Тәуке ханның болат алтын балғасы,
Ақыл оймен ата жолдан айнымай,
Қарапайым халқымның,
Бола білген панасы!
Ақиқаттың қақпасын кең ашқандай,
Сен сөйлесең батыл айттың тайсалмай.
Еш уақытта екі айтуды білмедің,
Көкжиектен сәуле төккен ақ таңдай.
Ақыл ойдың жібін тынбай жалғадын,
Өткізумен көз ілместен күн талай,
Ғылымменен егіз болып туғандай,
Адамзаттың бар қайғысын – шаттығы,
Әуел бастан көкірегіңе тұнғандай.
Айрылысмақа имандылық , өрістен ,
Қарсы болдың дос болуға орыспен,
Сақтандырдың алдын – ала еліңді,
Даналық ой құя біліп күмістен.
Айдаһардан қашып аю ініне,
Паналаудың өзі тең –деп, қылмыспен,
Бәрін болжап біле білдің көреген,
Сол ақылды құйып алмай зердеге,
Кейін қанша өкініштен у ішкен?!
Аласұрып қолын созған бәрі де,
Имандықпен жалбарынбай Тәңірге,
Мынау әлем соныкі- деп, ұғынбай,
Жете алама бақыт- бірлік тәжіне,
Алшақ кетсең өз болмысың , тегіңнен,
Бұл өмірдің айтшы онда мәні не?!
Басқа емес қазақ болып анадан,
Тумаппа едің қуаныш боп еліңе!
Ана сүттің берген бағыт қуатын,
Кім өзгертер жарлық беріп төріңде?!
Былғанбасқа шексіз байтақ кең дала,
Бәріне де жауап бердің жан баба.
Бірақ надан байлық қуған сорлылар,
Жабысқан соң доңызға еріп жағаңа,
Туған жерің Нұратаға жол тарттың,
Түспесін- деп, енді күнім жаманға,
Заманға емес өкпеңді айтып адамға,
Риза болмай хан тағы үшін таласқан,
Өр көкірек менменсінген хандарға!
Кім боламыз мұң – сырыңды білмесек,
Ата жолсыз ұрпақ қалай күн кешпек,
Бар байлығын тонап жатса көк атты,
Бұлбұлмын – деп,сайрап жатса көк есек.
Аюуандықты ауыздықтауға дәрменсіз,
Қоқыс басқан қоғамымда жоқ есеп.
Ерлер қайда ақиқат үшін күреспек,
Ата заңда жоқ еді ғой тіл кеспек,
Сен тұрасың қиналғанда алдымда,
Қайран баба ойлар салып елестеп!



Пікірлер (1)

әйтеке би

өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Ешман әулие ата үні

  • 0
  • 0

Кел, кел бері ақын ұлым жақында,
Мен жатырмын Басшы бабаң жұртында.
Көз салып тұр торғай шықса қабірден,
Рухыменен сырласуға тартынба.

Толық

Сүйінқара

  • 0
  • 0

Сүйінқара! Сүйінқара!
Маған ыстық осы есім,
Ағылтқандай ерлік жырдың,
Емін еркін термесін.

Толық

Төремұрат батыр баба үні

  • 0
  • 0

Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.

Толық

Қарап көріңіз