Ауысып шуағы мен ашуы әлі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ауысып шуағы мен ашуы әлі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Ауысып шуағы мен ашуы әлі,
Тербелтіп бар өмірін ғашық әні.
Бойынан бұл әйелдің сан қасиет,
Ана болу арқылы ашылады.
Тірлікте талай сынға кезігесің,
Жол жүгі жүктелгендей өзіңе шын.
Қадырын тыныштықтың, ләззаттың
Ана болу арқылы сезінесің.
Табаласын, мейлі кім, бағаласын,
Баласыз сынық қанат шағаласың.
Көкірегіңнен мейірім күн шуағын,
Ана болу арқылы төге аласың.
Алмасып қыс пен жазың, көктемің де,
Бала үшін тыным, сабыр жоқ көңілде.
Үстінде қарлығаштай шыр-шыр етіп,
Сезбейсің өміріңнің өткенін де.
Бала үшін тұла бойды бұлақ етем,
Жолдағы бейнетіне шыдап өтем.
Оянған бір балаға махаббатың,
Жалғасып бар әлемге тұрады екен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері