Самал боп сағынышым, кел, кел маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Самал боп сағынышым, кел, кел маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Самал боп сағынышым, кел, кел маған,
Бір күйді берші, шертіп, шерте алмаған.
Мен сенің көз тиер деп, арқандалған
Ноқталы ботаң болдым, көркем далам.
Бар ма екен өз алдыңда аздап кінәм,
Кінәмді тазалайын, қозғап бір ән.
Жылына бір көрмесем мен өзіңді,
Ішімнен үн шығармай боздап тұрам.
Тынамын, тынамын ғой, ойлап бәрін,
Құлайды тау басынан жайлап таңым.
Сол таңға жуынып бір жас баладай,
Еркелегім келеді, ойнақтағым.
Қалайды жанбай жатып кім сөнгенді,
Жер басып аман-есен жүрсем болды.
Ақ аспан! Арман еткен ағыл-тегіл,
Төбемнен құя берші жыр сәулеңді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері