Қазыбек би – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қазыбек би» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6830
Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып
Лайланбасқа балдай тұнық,
Әдеп жолдан билік құрып,
Жамандықты ұмыттырып.
Мір оғындай даналықпен.
Болашаққа шырақ іліп.
Бар шындықты қазып айтып,
Қараңғыны тіліп өтіп.
Айналдың да тірегіне,
Жарай біліп керегіне,
Жарық болар сөнбес нұрын,
Жақтың халық жүрегіне,
Болашақтың болжап бәрін,
Бақыт нұсқап ұлы еліңе.
Бастап жарқын ғасырларға,
Келешектің көктеміне.
Өзің едің шын данышпан,
Қырандардай шыңға ұшқан.
Әділетсіздікпен арпалысқан,
Елге дәулет тілеуменен,
Ізгіліктің жолын тосқан.
Әлі бізге тіл қатасың,
Әрбір ендік барлық тұстан.
Жұпарыңа қандырумен,
Ұрпағыңа құшақ ашқан.
Әрбір сөзің ғасыр үні,
Әрбір ізің ерлік дастан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері