Жебелерден сызылған таңбалы елі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жебелерден сызылған таңбалы елі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Жебелерден сызылған таңбалы елі,
Апарады жетелеп алға мені.
Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан
Сағым ұшқан төсінен самға, белі!
Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан,
Еркіндікте болмайды демек, ұстам.
Аппақ түйе бауырында аппақ ана
Ақ көбік сүт сауады шелек ұстап.
Таңбасы бар Адайдың, таңбасы бар,
Жебесі ұшқан белгіде ән басы бар.
Түбекті елдің жұмбағы тұр қиырда,
Табиғаттың тылсымы таңда ашылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері