Өлең, жыр, ақындар

Әлкен Бегманұлы Айдарбековке

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 500
Абзал жанды ата-ананың тәрбиесінде өскен Әлкеннің өмірден оқығаны да, тоқығаны да мол азамат. Көзінен нұр, жүрегінен мейірім шапағат төгілген осы азаматтың туған жер, өскен еліне жасап отырған қамқорлығын бүкіл Оңтүстік облысы мақтан етеді.

Әлкенжан, биік екен парасатың,
Қасиет хан басыңа жарасатын.
Түйсіксіз топастарға – таудан биік,
Сыйласқан – бетегеден аласасың.
Алғыс ап үлкеннен де, кішіден де,
Аңыз боп тарап жатыр ісің елге.
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөзді,
Ұлықтар өзің тендес түсіне ме?
Арнаңнан аспайсың да, таспайсың да,
«Тұр десе жер қозғалып» саспайсың да.
Бар екен қорғап жүрер киең сенің,
Түсіпсің «тәуекел» деп жастай сынға.
«Нұр жауар дейді халық талапты ерге»,
Қоңдырдың арман құсын абат елге.
Өзіңдей жомарт пейіл азаматтар,
Қашан да қамқорлықпен қарапты елге.
Еліңе бердің мешіт, сарай салып,
Қызығын көріп жатыр талай халық.
Қолма-қол көмегіңе риза тағы,
Кем-кетік, жетім-жесір талай ғарып.
Бір Алла берген екен тілегіңе,
Мейірімнің нұрын құйып жүрегіңе.
Болмаса жақсылығы ердің елге,
Тола ма көптің көңілі бұл өмірге?
Әлкенжан, алғыспенен ер көгерер,
Жауынмен шешек атқан жер көгерер.
Бақ қонған азаматсың Қыдыр дарып,
Бірің он, жүзің мың боп келе берер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманым жоқ

  • 0
  • 0

Тәуелсіздікке тағзым етіп бүгілдім,
Тыныштығы үшін көрген күнімнің.
Тыныштығы үшін сүмбіл түнімнің.
Ай мүйізді, ашатұяқ құдайы,

Толық

Қайтесің, бағың жанбаса

  • 0
  • 0

Қайтесің, бағың жанбаса,
Ойлаған бола бермес-ті.
Ойдың да көбі далбаса,
Ойлаймыз кейде өнбесті.

Толық

Көктем саздары

  • 0
  • 0

Көбесі жердің сөгіліп,
Жырадан жылға тараған.
Тамыры талдың көрініп,
Өріліп түсіп жағадан.

Толық

Қарап көріңіз