Аппақ шатыр тігілген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Аппақ шатыр тігілген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Аппақ шатыр тігілген
Ақ келінді күтеді.
Иіліп, бел бүгілген
Келін әулет құты еді.
Жиылған жұрт қаумалап,
Мынау тойда ән салды,
Билеуге де жан салды,
Қарағандар тамсанды.
Келін келді, керемет!
Оның бетін кім ашар?!
Бір қызыққа бір қызық
Одан сайын ұласар...
Ақ домбыра күмбірлеп,
(Киесі ғой қазақтың),
Өте шықты қыз – дәурен,
Қонақтаған аз-ақ күн.
Ақ домбыра сөйледі,
Бебеуледі, тынбады.
Домбыраны ақ келін
Жүрегімен тыңдады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері