Келер көктем – Олжас Кеңесбай

Бұл бетте «Келер көктем» атты Олжас Кеңесбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

Алты ай бойы қар бүркенген қара жер,
Аппақ қармен көмкерілген дала бел.
Ақпан – аяз алты қарыс азуы,
Қыс қажытқан бүрсең қағып барады ел.

Қалың қардың қабырғасы сөгіліп,
Астарынан бәйшешек гүл көрініп.
Шуақ қуып көктем келер шырайлы,
Көк белдерге қызғалдақ боп өріліп.

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы.
"Үміт" мектеп - интернатының 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Курманалиева Гульмайра


Пікірлер (1)

Кошербаева а

Маған мұқағалидың өлеңдері керек еді

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар