Бейнеу-елдің бейнесі берекелі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бейнеу-елдің бейнесі берекелі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1090
Бейнеу-елдің бейнесі берекелі,
Өткізеді ол әр күнін мерекелі.
Камзол киген аналар алдан шықты,
Жүрегі алтын, қолы құт, зер етегі.
Көл-дария көңілдің белгісінде,
Адалдық бар айнымас ел күшінде.
Бауыр төсеп ақша бұлт сусап қалған,
Үстірттегі сағымды-көлді ішуде.
Жел барады желбіреп орамалы,
Бір белеске бір белес оранады.
Ертегі боп елітіп, ертіп жүрді
Жұрттың айтқан жолдағы жорамалы.
Ертегілер өлкесі аңыздағы,
Бұзылмаған қаймағы, маңыз-дәмі.
Қыркүйекке барады сәлем жолдап,
Буда бұлттар бұлқынып тамыздағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері