Өлең, жыр, ақындар

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 657
Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық,
Күз боп шалқып, кетеді ол әнге ұласып.
Алма ағашы жұпарын бұрқыратып,
Аппақ гүлі төгіліп, талды басып.
Ғашық болып қаламын жазға, жаным,
Ғашық болып қаламын сазға жалын,
Мен сүйемін өмірдің маздағанын,
Сия тамған ұшынан қауырсынды,
Мәңгі ғашық жүректің жаз ғазалын.
Жап-жасыл боп кенеттен кеткенде әлем,
Аһ ұрам да, қараймын көктемге мен.
Түкпірінен көңілдің жайлау көрем,
Көгілдір түн ендікке жеткенде кең,
Құйылады жерден де, көктен де өлең.
Ұласқанда аспан көк алқарамен,
Жарқырайды барынша гаухар-әлем.
Сексен көлім айна боп шағылысып,
Шабыт буып теңселген ортада өлең.
Сырнайлатып сары күз келгенінде,
Сағынышым шайқалды шөлмегінде.
Жатыр менің Сенімім кестеленіп,
Өлмес күннің жасампаз өрнегінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлді сүйдім шілденің аптабында

  • 0
  • 0

Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.

Толық

Жақсы ма екен ішінген біле берген

  • 0
  • 0

Жақсы ма екен ішінген біле берген,
Білген адам үндемей жүреді елмен.
Күресінге күл қылып шашам деме,
Күресіннен күн болып түрегелгем.

Толық

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған

  • 0
  • 0

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған,
Көкірегін ояттты бұлап құмнан.
Алқымына симаған ару шабыт
Бозбаланың қолынан гүл ап тынған.

Толық