Періште қыз! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Періште қыз!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1072
Жүрегімде жүзіңнің табы қалған,
Жанарымнан жылжыды ағып арман.
Сені сүйіп құтқарғым келді өзімді,
Асқақ тұру үшін де жабылардан.

Жаралады, жан біткен түсінбеді,
Барлығы паң, ешқайсы кішірмеді.
Періште қыз, перідей арбап ал да,
Күндей күліп, сабама түсір мені...

Періште қыз, кешеге жүгінбедік,
Жүрегіме бекіші бүгін келіп.
Сен қуантшы, жазылар жырым болып,
Мен жатайын жолыңда гүлің болып...

Дайын уайым – ойымды меңдеген күз,
Меңдеген күз, дертіңнен емделерміз.
Періште боп қасымда жүред ылғи,
Пенде болып өмірге келмеген қыз.
ПЕРІШТЕ ҚЫЗ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері