Халықтың сәлемі
Домбырасын серік қып
Өткізді Жамбыл ғасырды.
Өлеңді төгіп, өрнектеп
Асулардан асырды.
Қара терге малынып,
Еңбегі кетіп далаға,
Тойса тойып тамағы,
Тоймағанда аш жүрді.
Қалың халық көтерген
Өмірдің ауыр, зіл, тарын,
Жылдан жылға тасыды.
Саңғыратып даланы
Әнді шырқап көлбедім.
Өлеңмен ойып оюды,
Сөзді мініп желдедім.
Сонда менің кергенім,
Құнарсыз дала, қаралы, ел,
Күңіренген, зарланған,
Қанын сорған жыланнан
Ғасырлар арыла алмаған.
Көз жіберсем алысқа:
Көпті көрдім дегенім —
Көп зарыққан ел екен.
Шексіз дала дегенім —
Ұлтарақтай жер екен.
Ерлерді көрдім дегенім —
Ep емес екен, кем екен.
Хандарды көрдім дегенім —
Халыққа қонған шер екен
Тауды көрдім дегенім —
Тау емес екен, дөң екен.
Өзен, көл көрдім дегенім —
Көз жасынан сел екен.
Кемдіктің кесіп бұғауын,
Енді азаттың кұсы боп,
Халқым, кірді берекең!
Қайғыдан халқым арылып.-
Бахыт құсын ұстадым.
Адамзаттың данасы
Ленин менен Сталин!
Халықты қалың көтеріп
Жоғалтты өмір қыспағы».-
Қарық қылды дәулетке
Алыста қазақ ауылын,
Қырғыз, өзбек қыстағын
Алатау, Алтай зеріне
Қолы тиді ұстаның,
Сардалада темір жол,
Зәулімді шарлады
Күміс қанат құстарым.
Қаптаған мал, ен дәулет,
Бахыт, өмір, сән-сәулет,
Әшекейге бөленді
Советті Қазақстаным
Лениннің шәкірті,
Сталиннің серігі —
Молотов, тыңда, тереңім!
Ұлы көсем екеуің,
«Халықтың өссін дәулеті,
Нығайсын колхоз» деп едің.
Алыста жатқан елімді
Қолтықтадың, демедің.
Сол басшылық жемісі —
Қозыға толы көгенім.
Тұлпар болды көбеңім„
Түр кіргізді далама
Шексіз мақта, көп егін.
Алтын, күміс, қорғасын,
Мұнай, көмір, жез бен мыс
Жылдан жылға көбейіп
Кеңейтіп келед көлемің.
Мұқтажы жоқ елімнің, *
Үйінен табад керегін.
Қарағанды, Қарсақпай,
Эмбі менен Балқаштай,
Кеннің әлденешеуін,
Тағы тауып беремін.
Осыны саған айтуға,
Бахытты халқым атынан,
Домбыра алып жөнедім.
Молотов жаным, қабыл ал,
Алып келдім алыстан,
Бахытты қазақ халқының
Махаббатты, жалынды,
Большевиктік сәлемін!
Бекзат
Жамбыл Жабаев - Халықтың сәлемі - ұнады
Лаура
Жамбыл Жабаевтың «Халықтың сәлемі» — қазақ әдебиетінің бірегей поэтикалық туындысы, онда ақын халқымыздың тағы бір ғасырлық тарихы мен ауыр тағдырын шебер тілмен сөз етеді.
Өлеңде домбыра мен дала бейнесі арқылы халықтың еңбек жолы, кең байтақ жердің сұлулығы, аштық пен қуаныштың қатар келетін күндер көркем бейнеленеді. Жамбыл Жабаевтың сөздері оқырманға халықтың рухани байлығын, тарихи жүгін және азаттыққа деген үмітті сезіндіреді.
Бұл шығарма — жалпы адамзаттық құндылықтарды, ұлттық рух пен бірлікті дәріптейтін поэзияның тамаша үлгісі. Оны оқыған сайын халқымыздың тарихын, мәдениетін және рухани күшін қайтадан ойлауға шақырады.