Аспан жақтың үлегі ме – Мерей Қартов

Бұл бетте «Аспан жақтың үлегі ме» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Аспан жақтың үлегі ме,
Мамық бұлттар мамырлап...
Сапар шектім жыр еліне,
Басым мұңнан ауырлап.

Қазына бар қанжығамда,
Қаракөз қыз теңдеген.
Жап-жас күйде алжығам ба?!,
"Ажал жоқ!" деп сенбек ем.

Күннің мынау қас-қабағы...
Жетелейді жол қайда?!
Былай шырқар Аспан әні:
"Жерұйық жоқ" шалғайда!".

О, Сұржекей, нәзік құрбым,
Өлеңнен кім бақ тапты?!
Жерұйыққа кезіктіргін,
Мына мендей ақымақты!

Қапаланған көңіл құсап,
Қап-қараңғы мылқау - мен.
Қамшым қалды тобылғы сап,
Қайтып келем сылтаумен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері