Ер пен арақ

Бұл бетте «Ер пен арақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1771
Бір күні Ет мақтанды,
Барлық сырын ақтарды:
– Буым бұрқырып,
Суым сырқырап,
Жатсам қайнап,
Жүздері жайнап,
Қуанады қонақтар,
Пышағын қайрап.
Майлы сорпам бар,
Жайлы ортам бар.
Елдің асыл асымын,
Бар тағамның басымын...
Төсектің астында Арақ тұр еді,
Манадан Етке қарап тұр еді.
Түртіп қалып иығынан,
Күліп қойды миығынан:
– Рас, сыйсыз да емессің,
Онша күйсіз де емессің.
Бірақ, мені біліп ал,
Арақ деген ірі бар.
Анығырақ айтқанда,
Дастарқанның пірі бар.
Менсіз үйдің қонағы
Тым көңілсіз болады.
Еліре берме, Етім,
Май жүзсе де бетің,
Сені жемейді ді,
Ет асты екен демейді де.
Ал, мен болсам – басқаша,
Аспасын Ет аспаса,
Жадырайды қабақтар,
Жүз граммнан тастаса.
* * *
Арақ солай есірді,
Дастарқанда көсілді.
Кімдікі жөн, ағайын,
Өзің айтшы шешімді?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер пен арақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ер пен арақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер пен арақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер пен арақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері