Ызамды келтірген – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ызамды келтірген» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Ызамды келтірген,
Көңілдің қыжылы-ай!
Ішінен кертілген,
Мен де бір мүжік Ай!

Сен неге дірілдеп
Тіл қаттың тым әлсіз
Мен саған күбірлеп
Сыр айттым күмәнсіз.

Құс-қиял – арманым
Адасқан маусымнан.
Үмітсіз жалғаным,
Білтесі таусылған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері