Өлең, жыр, ақындар

Ғасыр жаңбыры

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 454
Өз-өзiме қамалып
Ойға батып өшпеген, –
Шықтым сыртқа қабарып
Сұп-сұр күңгiр кеште мен.
Үн шығармай қыстығып
Сығып алдым жасымды...
Жылан құсап ысқырып
Жел соқты да, басылды.
Көлiмде ме, белде ме,
Көгiмде ме, жерде ме?! –
Суылдады әлдене,
Сұңқылдады әлдене!
Дыбыс шықты мүлде өзге!
Демiм менiң тұншықты.
Сұп-сұр көкке
Бiр кезде
Өттей жасыл бұлт шықты.
Шатасты ма ақылым!..
Естi жидым әрең деп....
Келе жатты ақырын
Сол бiр бұлт төмендеп.
Көк те тозып көнерген.
Көмескi боп қалған нұр.
...Құйып бердi төбемнен
Өттей жасыл сол жаңбыр.
Үндер шықты қаңғырған...
Неткен көп бұл күйiгiм?!
Iрiп кеттi жаңбырдан
Үстiмдегi киiмiм.
Сол бiр жаңбыр түйiлiп
Құйды желмен аралас.
Iрiп кеттi киiмiм,
Қалдым мүлде жалаңаш.
Жаным уын iштi ендi,
Шайылды ғой бетiм де,
Сыпырылып түстi ендi
Iрiп менiң етiм де!
Түнге сiңiп баттым мен
Жел соқты ғой құтымды ап.
Кетiп бара жаттым мен
Қаңқамменен сықырлап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қожанасырдың есегі

  • 0
  • 0

Қожанасыр о баста-ақ
Құйтырқы айласы көп
Есептi бiлген.
Бiлген де

Толық

Беріктік

  • 0
  • 0

Менi, қазақты, –
Жан-жағымнан анталап! –
Құртқысы келдi.
Дүкендегi матадай –

Толық

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

  • 0
  • 0

Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы

Толық

Қарап көріңіз