Ақын болшы бауырым! – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Ақын болшы бауырым!» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылатпайтын - жұбататын,
Көп сөйлемей - дөп айтатын,
Көп ойланып - бір айтатын,
Мұңайтпайтын - қуантатын
Ақын болшы бауырым!
Ақиқаттан аттамайтын,
Жақсыларын даттамайтын,
Атақ үшін, пайда үшін,
Арын жерге таптамайтын,
Ақын болшы бауырым!
Елірмейтін хайп қуып,
Тектілікке лайық болып,
Өз сөзінен
ұсақталмай,
Қашпайтұғын тайып
тұрып,
Ақын болшы бауырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар