Керек/Дерек.
Өткен күннің болсын деп, бір дерегі,
Мен бір ойды қозғағым да, кеп еді!
Тыңдаушымда тайсалмай, әй бір жанғой ол сондай..
Мынау маған не айтқысы келді, демеді!!?
Мен біреуге ақылшы да, болғым жоқ!!¡
Сұрамаса ақыл айтар орным жоқ!¿
Көзі ашық көрмеген, көргенге көңіл бөлмеген
Адамдарға-ой,. не демекпін көңілі тоқ...
Ең бірінші қарау керек зер салып,
Назарға алып, не "Мін" бар деп мұншалық?
Болмаса өзінде уайым, әр бір айтқан сайын,
Өкпелейді-ау, не жаздым деп соншалық!?
Ақыл керек! Намыс керек! Ар керек!
Ар сақтауың, Іс пен Сөзің дәл демек!.
Айтқан сөзде лепіріп, ал ісіңде өтірік...
Не құны бар айтқаныңмен көпіріп.!?
Өмір атты пойызды ма,? Тізгіндеп.
Жолға шықтық бағытымыз бір, біздің деп.
Межелі жерге жетіп, жанашыр боп өтіп.,
Қош айтыстық бағытың бөлек сіздің деп.
Бағыт бөлек болғанменен шынайы,
Көрген сәтте жылы тартар шырайы.
Әй не бопты соншама,? Сабыр қыл не болсада!
Қанаты қатса ұшар еді-ау, ұдайы.
Жер беті толып тұрғанменен орман боп,
Жаралы құсқа ұядан асқан қорған жоқ.
Өз ұясын салғанмен, крышасын жауып алғанмен!
Аялдап кетсе, онда ештеңе тұрған жоқ!!!
Қарға баласын аппағым-ау, дермеді.?
Аппақ деуге, Аққу тілі көнбеді.!
Қарға көзімен қара. Ата-Ана сезім! Бала.!
Жүрек көзі қара деуге келмеді.
Қарға демей, аққу демей. Ақ<>Қара.
Түсінісіп өмір сүрейікші - а, шаттана.
Осының бәрі не тегі!!! Уақыты келсе кетеді.
Жылы сөзіңді айт, ішіңе еш сақтама.
Мынау неге мыжып кетті-ей, демеңдер!
Емес едім, ақылы артық кемеңгер.
Жәй көргенді айтқанмын, ойға түйіп қайтқанмын.
Жан болған соң ертеңіне елеңдер!!!
15.02.2024ж
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі