Өлең, жыр, ақындар

Егеуқұйрықтар

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 648
Ғалымдардың айтуынша, аш егеуқұйрықтарға қарағанда тоқ, семiз егеуқұйрықтар әлдеқайда мешкей, әлдеқайда тойымсыз, әлдеқайда обыр болады екен. Тiптi тоқ, семiз егеуқұйрықтар қорек таба алмай сәл ғана ашыға бастаса бiрiн-бiрi жеп қоятын көрiнедi.

Қорек iздеп барған талай айлаға,
Қорек iздеп түскен ойға, сайға да, –
Бiр топ обыр егеуқұйрық ақыры
Тап болды ғой iшi толы қоймаға.
Дiңкелеген қанша уақыт «құт» қонбай
Болды сонда үдесiнен шыққандай! –
Iшiп жатты iшкен сайын құнығып,
Жұтып жатты жұтқан сайын жұқ қонбай.
Неткен мынау өңмен қаққан содырлық,
Неткен мынау жалмауыздық, тобырлық,
Неткен мынау қойымы жоқ обырлық!
Неткен мынау тойымы жоқ обырлық.
Жұтқан сайын тойынбайтын құлқыны,
Сол қойманы түк қалдырмай тiнтiдi.
...Таусылды ғой тонаған соң дамылсыз
Қоймадағы молшылық та бiр күнi.
Етi үйренген масайраған мастыққа,
Етi үйренген аста-төкке, астыққа,
Семiз, күйлi егеуқұйрық
Ешқашан
Төзе алмайды, төзе алмайды аштыққа.
Сонан кейiн қиын-қыстау шақ келiп,
Бiрiн-бiрi дұшпан көрiп, жат көрiп,
Бiрiн-бiрi жегiсi кеп
Ақыры
Жатты сонсоң бiр-бiрiне тап берiп.
Тойдырам деп тойымы жоқ құлқынын
Қанша уақыт бiрге өткiзген күн-түнiн –
Мешкей бiр топ егеуқұйрық осылай
Жалмап жатты, обып жатты бiр-бiрiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз жағасында өліп қалған шағала

  • 0
  • 0

Қара тастақ жағада
өлiп жатты шағала.
Арсы-гүрсi долданған
толқындармен алысқан,

Толық

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

  • 0
  • 0

Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы

Толық

Бүгінге

  • 0
  • 0

Күттiм сенi қиялымен елестiң
жасар iсiм болсадағы көмескi.
Күттiм сенi!
Неге күттiм? –

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер