Ой – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Ой» атты Сатқан Молдақасұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Тіршілікте адамға,
Бақыт,дәулет ар екен.
Ерді еліне танытар,
Ақылы мол жар екен.

Озбыр адам озбайды,
Тілектен кісі тозбайды.
Адал төккен маңдай тер,
Өмірде оттай маздайды.

Ақылды туған азамат,
Халқының даңқын асырар.
Ақылсыз туған азамат,
Елінің құтын қашырар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері