Өлең, жыр, ақындар

Ауылдағы жесір ана

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Төзген талай қиындыққа, ауырға,
Төзген талай боран менен дауылға, –
Отыр ана ошақ басын күзетiп,
Қалған жалғыз қиыр, алыс ауылда.
Келмейдi оған туысқан да, таныс та,
Бар қызығы кеткен-сынды ғарышқа!
Анда-санда жолға шығып қамығып
Ұзақ-ұзақ қарайды Ана алысқа.
Семiп қалған,
Қатып қалған қатпа боп.
Қуыс үйдi жылытатын от та жоқ.
Бiр баласы –
Жатыр оның түрмеде,
Бiр баладан –
Хабар да жоқ, хат та жоқ.
Үмiттене,
Үмiттене тұралап
Ашады ана күндiз-түнi құмалақ.
Бiр баласы –
Кеткен әйел соңынан,
Бiр баласы –
Кеткен базар қуалап.
Бұл заманның не боп кеттi құлқыны.
Ұмытқан ол қуанышты, күлкiнi.
Шүйке құсап бiр уыс боп бұрышта
Отыр ана хабар күтiп күн-түнi.
Кеткен одан мейрамың да, сайран да
Түскен оның жан-жүрегi ойранға.
Отыр ана жалғыз өзi жабығып
Бар баласын жiбергендей майданға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Билікқұмар

  • 0
  • 0

Ұлы дала,
сахара төсiндегi,
көш бастаған керуен-көшiмдегi,
үлкен, үлкен Ақыл-ой,

Толық

Қасіретім

  • 0
  • 0

Қара тасқа –
Маңдайымды! –
Елiмнiң қасiретiн
Айта-айта соқтым.

Толық

Алаң көңіл

  • 0
  • 0

Заманның лебі
Суып барады.
Құдай-ау,
Қашан ол

Толық

Қарап көріңіз