Өлмес өмір, өзіңді сүйгендіктен жыр еттім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өлмес өмір, өзіңді сүйгендіктен жыр еттім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Өлмес өмір, өзіңді сүйгендіктен жыр еттім,
Тұрар дейсің мәңгілік көк аспанды тіреп кім/
“Жер анадай” жатқан бір табандардың астында,
Аяғы жоқ... тілі жоқ дүрсілдеген жүрекпін.
Неге. тағы дір еттім?
Неге, тағы дір еттім... түрі елестеп күректің,
Ақпанның ақ қарындай тастар екен күреп, кім?
Қорған іздеп орманнан, жапырақтай сарғайған,
Ақылы жоқ... жалаңаш жалғыз ұшқан жүрекпін.
Неден шошып, дір еттім?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері