Айға алғаш ұшқанда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айға алғаш ұшқанда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1801
Қарашы гүл далаға,
Қарашы нұр қалаға.
Қуанышы қойнында,
Қарашы бар балаға.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Асқақтаған ән жапты
Астықты аймақ алапты.
Қырға шықсаң кез-келген,
Ғажайыпты көз көрген.
Қазағымның даласы
Танымастай өзгерген.
Кеше дала құм басқан –
Бүгін қала нұр шашқан.
Жеті қабат жұмбақты
Бізге құлақ түрді аспан.
Он айналып нұрлы Айды,
Зымыраным зырлайды.
Қуанышқа кенеліп,
От жүректер тулайды.
Алақанда Ай бүгін,
Жаз шуағын жайды күн.
Салтанатпен тойлайды,
Бақытты елім байлығын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері