Сабырсыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сабырсыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1537
Кітап оқу дегенді
Ұғады інім өзінше.
Жатқа айтады өлеңді
Көпшіліктің көзінше.
Оңашада ол енді
Жұмған аузын ашпайды.
Кітап көрсе көлемді,
Кері итеріп тастайды.
Бұл нең десе, міз бақпай:
«Оқығаным, – дейді, – тез».
Тамақты да мұздатпай,
Ыстық күйі жейді тез.
Асықпайды ол, бірақ,
Оянуға ертерек.
Түске дейін қолбырап,
Жатып алар «ерте» деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері