Бұл неткен ел, неткен ел? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бұл неткен ел, неткен ел?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Полстраны — преступники,
Полстраны — охранники.
Роберт Рождественский

Бұл неткен ел, неткен ел?
Қасың да жоқ кектенер,
Досыңда жоқ өкпелер,
Бар ашуың
біреуге
кіжінумен шектелер
бұл неткен ел, неткен ел?!
Бұл қандай ел, қандай ел?
Қақтығысқа бармай ер,
қақтығысар қалмай өр,
баяғыда ұмытқан
ұяты мен арды әйел,
бұл қандай ел, қандай ел?!
Жарымаған жақсыға
кілең ғана білгіштер,
қылмыскері — сақшы да,
сақшылары — қылмыскер,
азғындаған қызына
ақыл айтқан "жүргіштер",
бұл неткен ел, неткен ел?!
Жақының жоқ өкпелер,
жауың да жоқ жек көрер,
ұры-қары әкімі,
ақынында жоқ бедел,
бұл неткен ел, неткен ел?
Аярлықты — айла дер,
қараулықты — пайда дер,
су жүректер мекені —
апыр-ау, бұл неткен ел,
апыр-ау, бұл қандай ел?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл неткен ел, неткен ел? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бұл неткен ел, неткен ел? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл неткен ел, неткен ел? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл неткен ел, неткен ел? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері