Даңғыл жол – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Даңғыл жол» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1979
Екі ортада тамаша
Бір даңғыл жол салынды.
Жарық беріп жаңаша,
Алаулатты жалынды.
Бұл жол біздің тілекті
Алға астырған секілді.
Жүрек пенен жүректі
Жалғастырған секілді.
Бұл жол біздің араны
Қосып түрған секілді.
Жасыл жайлау жағаны
Тосып тұрған секілді.
Осы жолмен еркелеп,
Жүре бергім келеді.
Есігіңе ентелеп,
Кіре бергім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даңғыл жол өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Даңғыл жол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даңғыл жол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даңғыл жол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері