Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс
Жабырқап жатыр ма екен анам байғұс?..
Көл жақта көкала үйрек көрінбейді,
Жүр ме əлде көне жұртын таба алмай құс?
Қыр маңын қыдырыстап Күн шуағы,
Тырнаның қашан жетер сыңсып əні?
Күн батса, алқаракөк аясында
Тынымсыз жымыңдайды түн шырағы.
Көңіл де, көк те кір-кір, ала-құла,
Жас келді үйіріліп жанарыма...
Жатыр-ау, қайран анам жербесікте
Жете алмай қаладағы қарағына.
Қалғиды қарауытып Қабір маңы...
Көктемнің көн жібітер кəне ырғағы?
...Соққан жел Құбыладан,
қармен қоса,
Сөгеді, сөгеді-ай кеп қабырғаны!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі