Сөзін де жұрттың ауырлап – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сөзін де жұрттың ауырлап» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Сөзін де жұрттың ауырлап,
Сергитін бір сәт іздесең,
Жүрсеңші біздің ауылға-ақ,
Қонаққа жүрші бізге сен.
Жеңілдеп бірден зіл дене
Жұмақ бар десе – сенер ең,
Құшағың толып гүлге де,
Құлпырып шыға келер ең.
Ерер ең небір «мықтыға»
Ерсілеу ісі байқалмас.
Көңіл жаққа алып шықты ма,
Құмарың қанбай қайтармас...
Көрер ең күнде кіл қызық
Көп болып кел,
Не жеке кел,
Астыңа тұлпар мінгізіп,
Көтеріп алып кетеді ел.
Шалқая құшып шаттықты,
Бақыттың көлін кештің бе,
Апталап-айлап жат, тіпті,
Ауырлай қоймас ешкім де...
Шығар-ау естен қайғы-мұң,
Реніш,
барлық өкпең де,
Алдияр келдің айдынын,
Аймалай жүзіп өткенде.
Жасарып жүре берер ең
Тап-таза таңды қарсы алып,
«Жұрт еді мынау не деген,
Не деген ел!» – деп,
Тамсанып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөзін де жұрттың ауырлап өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сөзін де жұрттың ауырлап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөзін де жұрттың ауырлап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөзін де жұрттың ауырлап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері