Үндемейсің

Бұл бетте «Үндемейсің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Жоққа бола тағы да ерегестік,
енді осылай ұлғая бере ме өштік?
Өлтірсеңші айтып-ақ, үкімімді
біржолата кетейін сенен естіп.
Әдірә қап адал ант, ақ тілегім,
аяз болып арқама батты менің,
сызданасың,
жоқ-бардан қызғанасың,
қалай ғана бәрінің таптым емін?!
Кісідей-ақ қайдағы мейірімсіз,
іштей ғана жүргенің кейіп үнсіз,
қалай өмір сүрмекпін,
тіршіліктің
селтеңі жоқ серуені, сейілінсіз!
Көптен бері жұғыспай екі көңіл,
тіл қатпадың
тік келіп бетіме бір,
жазығымның бар-жоғын біле де алмай,
күле де алмай
барады өтіп өмір.
Өшіргені белгісіз отты кімдер,
түндер өтті үн-түнсіз,
өтті күндер,
жүрек шіркін сыздаумен тыпыр қағып,
қызығы мол
қыз дәурен жоқ бүгіндер.
Қасарысты көктем де күле келмей,
жанымды да жасыған кім елердей,
қарғасаң да көнер ем,
арбасаң да,
іштен тынып,
үн-түнсіз жүре бермей!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үндемейсің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Үндемейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үндемейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үндемейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері