Қалпақ – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қалпақ» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1796
Шеткі көше... Тротуар үстінде,
Жалғыз маса жатыр қалпақ ішінде.
Көшедегі кірлі таңба секілді
Сол бір қалпақ жалт қараған кісіге.
Әлде күндіз, әлде түнде, әлде кеш,
Қашан қалды?.. Қалпақ тілсіз ләм демес.
Қанша сыйлы болса дағы бас киім,
Көңілі түсіп көтермейді пәнде де еш!
Иесі тек құлазыған қалпақтың —
Жатыр маса, — қарайды оған жалпақ күн.
Кең көшеде қалған сарқыт секілді.
Қашанғы бір қонағынан қабақтың.
Қайда иесі? Қайда сол жан жалаң бас?
Қалған пенде ар-ұяттан жалаңаш?
Жатыр ма әлде ұқсап мына масаға
Бір түкпірде шаң-топырақ аралас?..
Түс суытар оны көріп жұрт өңге,
Елестейді дәл қасынан өткенде:
Стаканның, түбіне сап, уыстап
Қасиетін жұтып қойған бір пенде.

1955 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалпақ өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қалпақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалпақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалпақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері