1954 жыл – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «1954 жыл» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1530
КІРІСПЕ

Ұлы адам! Енді қалам, сыяменен,
Қуат ап құдіретіңнен құям өлең.
Кеудемнен көтерілді дауылды күш
Өзің боп ойы биік, қыялы өрен.
Қорқыттың әм қуанттың. Тайсақтадым
Шабытты сөз жыйнадым, ой сақтадым.
Өзге өмір, сен жасаған алыс жылдың
Көзімнен көп өткіздім сол шақ бәрін.
Кезі еді ол қадіріңді шала білген,
Жаныма кіріп алып бала күннен,
Келесің бірдей есіп, о, ғажайып,
Кішкентай өміріммен, талабыммен.
Ал бүгін бір-екі ауыз өлең жазып,
Елімнің жылы сезін өнерге азық
Еткенде,
Жүрегімнен сен сөйледің
Серме - деп құлашыңды кеңнен жазып.
Басталар ұлы дария бір бұлақтан
Қыя-шың кеудесінен ырғып аққан.
Сол бұлақ туды қалай, өмір бастап
Тас құндақ, мұз омырау, жарқабақтан?
Бола алса бұл сұрауға жырым жауап,
Алдымда тұрған осы бүгін талап.
Дариға, қабылдар ма ел көңілі,
Қалар ма, әлде оқушы қырын қарап?!
Тәуекел! Балғын шабыт келші бермен,
Өлеңнен өміріме енші берген.
Бар болса, алтыныңды ат уыстап,
Әліңше бір күмбірлеп көрші кеудем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1954 жыл өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

1954 жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

1954 жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

1954 жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері