Жалау – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жалау» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2092
Үстімде шапан кеп жамау,
Тоңамын шуақ сәл ауса.
Есімде менің сол жалау,
Кәдімгі қызыл жалауша.
Ноябрь өткен, той өткен,
Артынша дереу қар жауды.
Жалғыз менмін сол көптен
Тастамай жүрген жалауды.
– Мінекей, жігіт кісі! - деп,
Үлкендер мақтап кетеді.
Қолыма тоңған мүсіркеп
Кемпірлер қарап өтеді.
− Осыныкі не әлек? - деп,
Ересек қыздар күлгендей.
Жүгірем алға дедектеп,
Бірінің сөзі миға енбей.
Озды ғой жылдар, жас қанша,
Белестен белес аттаған.
Октябрь-парад басталса,
Ту ұстар болды салт маған.
Жылда бір абзал борышты
Орындап қайтқан кісідей,
Жылытады ғажап сол ішті,
Жаныма жаққан ісімдей.
Таланға түссе тас талай,
Табатын қуат, дәрменім,
Қолымнан жүрген тастамай,
Бәлкім, сол менің бақытым,
Бәлкім, сол менің дәуренім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалау өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері